Басты бетСырдария өзеніндегі...

Сырдария өзеніндегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Сала мамандары: «Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ», – дейді. Қазіргі таңда судың белгілі мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзеніне бағытталған. Сондай-ақ Қызылорда облысы аумағындағы ішкі арналардың өткізгіштігі мен қабылдау мүмкіндігін арттыру қолға алынды.

«Өзбекстан территориясындағы Арнасай ойпатына суды жібереміз деген болжам бар. Келісім де бар. Сондықтан біз барлығына дайынбыз. Шіркейлі каналы су ашуды бастады. Әйтекке егіске байланысты 25 сәуірден бастап су алынады. Қараөзек қазіргі таңда секундына 110 текше метр су алып жатыр. Бұл ары қарай жалғасын таба береді», – дейді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов.

ДереккөзKhabar.kz