15 тамыз күні Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
15 тамызда Астана қаласы әкімдігінің еңбек мобильділігі орталығы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Іс-шара жоғары политехникалық колледж аумағында өтеді және құрылыс, өндіріс, сауда, қаржы, көлік және қоймалау сияқты түрлі салаларда 1 168-ден астам бос орын ұсынуға дайын 70-тен астам жұмыс берушілерді біріктіреді, — делінген хабарламада.
Жәрмеңкенің өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 39
Уақыты: сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін, байланыс телефоны: + 7 708 904 75 72.