Басты бетЖаңалықтарБокстан ерлер...

Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді

Париж олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өтіп, бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

Ал Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.