Доллар мен рубльдің 15 тамызға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,39 теңге. Еуро — 528,82.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,03 теңге. Еуро 526—530,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,23-5,45 аралығында саудаланып жатыр.