Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда «доңыз тұмауынан» 1 адам көз жұмды

Қазақстанда «доңыз тұмауынан» 1 адам көз жұмды

Қазақстанда А(Н1N1) вирусынан 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

Фото: Ap.org

«Бүгінгі таңда А(Н1N1) штамынан («доңыз тұмауы») 1 адам қаза тапты», – деп атап өтті ол.

Оның сөзі бойынша, аталмыш оқиға дәрігерлерге кеш xабарлаудан орын алды.

«Егер дене қызуы қатты көтеріліп, жөтел пайда болса, өзін-өзі емдеумен айналысуды доғару қажет және дәрігерлерге жүгіну керек. Доңыз тұмауының адам ағзасына әсері өте қатты, сондықтан оны қолмен емдеу мүмкін емес», – деді бас санитарлық дәрігер.

Айта кету керек, республика аумағында А(Н1N1), А(Н3N2) және В тұмау вирустары тұрақты айналымға енген. Республиканың барлық өңірлерінде тұмау вирустарының зертxаналық расталған 270 жағдайы тіркелген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version