Алматылық полицейлер жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізушілерді жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта Күдерин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Аталған аймақтағы қозғалыс шығысқа қарай, қарама-қарсы қозғалыс жолағында ұйымдастырылды. Азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, биыл Алматыда ұзындығы 250 км болатын 274 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 92%-ке дейін жеткізу жоспарланған.
Қалалық әкімдіктен мәлім еткендей, қазір 20 магистральді көшеде жол төсемінің беріктігін арттыру үшін полимерасфальтбетон қолданылып жатыр.
Жөнделетін аумақтар 36 сағатқа жабылады, бұл уақытта қоспа суып, тиісті талапқа сай қатуы керек.
Магистральді көшелердің жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердің жөндеуі қазан айының соңына дейін аяқталады. Асфальтты қырып, жаңасын төсеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіліп жатыр, — деп атап өтті әкімдіктен.