Басты бетЖаңалықтарБүгін олимпиадада...

Бүгін олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сынға түседі?

Париж олимпиадасында 9 тамыз, жұма күні қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді бес жарыс түрінен бақ сынайды.

Алдымен 12.00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.

Сонымен қатар 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.

Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады.

Айта кетейік, олимпиаданың 13-ші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.