Басты бет Қоғам Адвокаттар алқасы тасқын судан зардап шеккендерге тегін құқықтық көмек көрсетуге шақырды

Адвокаттар алқасы тасқын судан зардап шеккендерге тегін құқықтық көмек көрсетуге шақырды

Республикалық адвокаттар коллегиясы әріптестерін "pro bono", яғни қоғамдық игілік үшін акциясына қатысып, тасқын судан зардап шеккендерге тегін құқықтық көмек көрсетуге шақырды.

Адвокаттар алқасы көмекке зәру жандарға төмендегі сауалдар бойынша тегін кеңес беру қызметін көрсетпек:

  • Өтемақыны кімдер ала алады?
  • Бүлінген тұрмыстық техниканың шығынын өтеу үшін не істеу керек?
  • Тұрғын үй мәселесін қалай шешеді?

Сондай-ақ, адвокаттар алқасы әдістемелік көмектер көрсетіп, тегін кеңестеріді БАҚ арқылы да насихаттамақ. Әзірге олар «Астана» арнасына тікелей эфирге шығып, тұрғындардан келіп түскен сауалдарға жауап берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version