Қазақстан сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынды.
Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауына байланысты ҚР сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына осы аймақтағы жағдай тұрақтанғанша Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынады. Қазіргі уақытта осы елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына аса қажет болмаса үйлерінен шықпауды, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауды, кейінгі жаңалықтарды қадағалап отыруды, сондай-ақ сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның Израильдегі және Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұрайды, – делінген министрлік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Иран 31 шілдеде Тегеранда өлтірілген ХАМАС жетекшілерінің бірі Исмаил Ханияның қазасы үшін Израильден «кек алатынын» мәлімдеген.