Басты бетЖаңалықтарПариж-2024: бүгін...

Париж-2024: бүгін жарыс жолына қандай спортшылар шығады?

2 тамызда Париж олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың сегіз түрінен — стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, бокс және батут гимнастикасынан жарыс жолына шығады.

Стендтік ату

  • 12:30. Скит. Ерлер. Іріктеу. Эдуард Ещенко

Академиялық есу

  • 12:54. М1Х. Финал Е. Владислав Яковлев

Дзюдо

  • 13:00 (Іріктеу), 19:00 (Финал). 78 келіден жоғары. Әйелдер. Кәмила Берліқаш

Жеңіл атлетика

  • 13:15. Биіктікке секіру. Іріктеу. Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева

Суға жүзу

  • 14:00 (Іріктеу), 00:00 (Жартылай финал). Баттерфляй. 100 метр. Ерлер. Әділбек Мусин

Семсерлесу

  • 16:30 (Іріктеу), 18:50 (Жартылай финал), 22:30 (3-орын), 23:30 (Финал). Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов

Бокс

  • 20:22. ¼ финал. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай — М.Аллахвердиев (Әзербайжан)
  • 23:32. 1/8 финал. Әйелдер. 57 келі. Карина Ибрагимова — А.Лозада (Пуэрто-Рико)
  • 00:20. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов — Х.Дусматов (Өзбекстан)

Батут гимнастикасы

  • 21:00 (Іріктеу), 22:50 (Финал). Ерлер. Данил Мұсабаев.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, екі қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 21-орынға жайғасты.