Мәдениет және ақпарат министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлеріне қатысты болған жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін мәлімдеді.
Жоғары біліктілікті қажет ететін лауазымдарды жойып, жаңа лауазымдар енгізілуіне байланысты өзгерістер орын алған. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартып отыр, — деп жазылған хабарламада.
Министр театр барлық өтемақыны төлейтінін айтты.
Сонымен қатар, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланатынын хабарлады.