Асқар Болатұлы Баталов 1964 жылы 19 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Мәскеу менеджмент академиясын тәмамдаған. 1994-1997 жылдары — «Райымбек» фирмасының вице-президенті. 1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері. 1998-2005 жылдары — «Қазинвест» қазақстандық инвестицияға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Қазинвест» жабық акционерлік қоғамының президенті.
2005 жылы ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2007 жылдан — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2009 жылдан бастап — жеке бизнесте.
Сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.