Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Парламентінің өзін-өзі тарату шежіресі

Қазақстан Парламентінің өзін-өзі тарату шежіресі

2016 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары президентке палатаны мерзімінен бұрын тарату туралы жарлық шығару жөнінде өтініш жолдады. Үш партиялық фракцияның үшеуінің де өкілдері өкілеттіктерін мерзімінен бұрын доғару туралы өтініш жазды. 

©parlam.kz

Бұл өтінішті қазақ және орыс тілдерінде депутат Нұрлан Әбдіров пен Владислав Косарев оқып берді.

— Біздің фракциямыз Мәжілісті тарату және мерзімінен бұрын Пар­ламент сайлауын өткізу – әсіресе, қазіргідей аса күрделі әлем­дік эконо­микалық және гео­саяси жағдайда Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін тарихи маңызы бар шешім деп санайды. Біріншіден, қазіргі Пар­ламент Пре­зиденттің бес институт­тық ре­фор­масын бастауға қажетті заң­наманы толық қамтамасыз етіп, өзінің тарихи миссиясын орын­дады. Қазір олар­ды нақты іс жүзіне асыру кезеңі басталды, — делінеді өтініште.

Депутаттардың өкілеттік мерзімі 2017 жылғы қаңтарда аяқталуы тиіс болатын.

Алайда, депутаттардың айтуынша, «биліктің рефор­малар мен дағдарысқа қарсы ша­раларын барлық деңгейде үндестіру үшін біз Мәжіліс сайлауын жергі­лікті мәслихат сайлауымен қоса өткізу керек» екен. «Бұл да әлемдік дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға, сайлауды ұйым­дастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыс­тарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», — деді Н Әбдіров.

“Открытая Азия онлайн” Қазақстан Республикасының Парламенті қанша рет құрылып, қанша рет және қандай себептермен өзін өзі таратқанын еске түсірді.

(оңға-солға жылжи отырып, шежіренің даталарын көре аласыздар)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version