Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды.
Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің талап арызын қанағаттандыру және Ерменсай шағынауданы 7, 7/71 мекенжайы бойынша заңсыз салынып жатқан көппәтерлі үйді бұзу туралы шешім қабылданды.
«Graff» тұрғын үй кешені үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.
Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты бұзушылықтарды жоюға нұсқама беріп, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз түсірді.
Былтыр аудандық соттың шешімімен басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылғы 19 қазанда апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Нысан осы жылдың 29 шілдесінде әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзылды.
Еске салайық, былтырдан бері 40 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» ТҮК бұзылды.