Доллар неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473,5-475,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 471–476 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 30 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 473,29 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,47 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,37-5,47теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,37-5,52 теңгеден сатылып жатыр.