Басты бетЖаңалықтарТамыз айында...

Тамыз айында Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

Тамызда Қазақстан азаматтары Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша бір күн демалуға мүмкіндік болады. 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады. Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз — жұмада демалады. Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары тамызда небәрі 5 күн демалады.

Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі:

4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) — Көлік қызметкерлері күні;
10 тамыз — Абай күні;
11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
18 тамыз — Шекарашылар күні;
25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) — Шахтерлер күні;
29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.