Азаматтық авиация комитеті Алакөлге құлаған дельтапланға қатысты ақпартты жариялады.
Комитеттің мәліметінше, бұл әуе кемесі азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелмеген, тиісінше оның ұшуға жарамдылығы туралы сертификаты болмаған.
Ұшқышта авиация персоналының қолданыстағы куәлігі жоқ. Әуе кемесінің құлау себептерін тергеумен құқық қорғау органдары айналысады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 25 шілдеде Алакөл көлінде (Ақши ауылы, Алакөл ауданы, Жетісу облысы) әуе кемесінің құлауынның салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген болатын.