ҚТЖ жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушылардан тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына шағымдар жиі түскен. Осыған байланысты жеке тексеріс жүргізілді.
Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне тағы басқа бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті, — делінген ҚТЖ хабарламасында.
Компанияның мәліметінше, заңбұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сонымен қатар құжаттарды бұрмалау бар.
Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралатынын хабарлады компания.
Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалыныңд иректорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды.
Сонымен бірге «Жолаушылартасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралады.