Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысында қойма өртенгенін хабарлады.
Алматы облысының құтқарушылары қоймадағы жалынды сөндірді.
Бүгін Қарасай ауданында қоймалық үй-жайдың бірінде 273 шаршы метр алаңда құрылыс материалдарының жануы орын алды. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.