Алматыда заңсыз ойын бизнесі бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Алматы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасы басшысы Сәкен Қондыбаев мәлімдеді.
Спикер экономикалық тергеу департаментінің басым міндеттерінің бірі заңсыз ойын бизнесімен күрес екенін атап өтті.
Заңның 11-бабына сәйкес казино мен ойын автоматтарының залдарын Алматы облысында (Қапшағай) және Ақмола облысында (Щучье ауданы) орналастыруға болады. Басқа жерлерде ашу заңсыз деп танылады, — деді Сәкен Қондыбаев брифиңде.
Оның айтуынша, заңсыз жұмыс істеген төрт онлайн казино мен бір ойын залы жабылды.
Былтыр заңсыз құмар ойын ұйымдастыру ісі бойынша 14 факті анықталды. Ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, — дейді экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы.