Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472–477 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473,1-475,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 472–477 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474,09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,48 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,35-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35-5,5 теңгеден сатылып жатыр.