Басты бетЖаңалықтарДоллар 471–476...

Доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471–476 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473,1-475,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 471–476 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 472,62 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,43 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,29-5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,3-5,45 теңгеден сатылып жатыр.