Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты.
Кәрім Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.
Мәсімовке рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізді. Ол келісті, — деп хабарлады президент әкімшілігі.