Алматы базарларына жасанды тауарлардың қойылатыны үйреншікті жағдайға айналды. Сатып алушылар көбіне тауардың қайсы жалған, қайсы түпнұсқа екенін ажырата алмайды.
Ұсақ тауарлардың сапасы төмен екеніне төзуге болса да, жалған ірі өнімдерді сатып алу көңіл-күйіңізді айтарлықтай бұзып, ақшадан айыруы мүмкін. Оның үстіне, бұл денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін және мұндай өнімді сатушыға қайтару оңай емес — кепілдік олар үшін бос соз.
Samsung Electronics тұтынушыларды қандай да бір жолмен қорғау үшін сапалы теледидарды қалай таңдау керегін нақты көрсетуді ұйғарды. Алматы қаласы әділет департаментімен бірлесе отырып, «Ялян» базарындағы сауда орындары тексерілді. Түпнұсқа емес тауардан қалай аулақ боламыз? Біршама кеңес ұсынып отырмыз.
Логотип
Сатып алар алдында әдетте теледидардың төменгі жағында тұрған логотипке мән беріңіз. Түпнұсқадағы «Samsung» жазуы панельде мықтап басылған. Жалған өнімдерде логотип жай ғана жабыстырылады. Сатушылар оны басқа өндірушінің атауына оп-оңай өзгерте алады.
Үлгінің маркировкасы және қосқыштар
Содан кейін теледидардың артқы жағын тексереміз. Мұнда әдетте үлгінін маркировкасы бар тақтайшалар тұрады. Бұл — сапа мен сенімділіктің белгісі. Бұған қоса, бұл аймақта түрлі қосқыштар мен USB порттары бар. Жалған құрылғыларда кейбір кіру және шығу нүктелері барынша нашар жасалады. Олар тез-ақ жарамсыз болып қалады және қысқа тұйықталуға жеткізуі мүмкін.
Интерфейсі
Теледидардың маңызды элементі – операциялық жүйесі. Ол жоғары сапалы кескіндерге, қолданбалардың жылдам жұмысына және қарау кезінде ештеңе қатып қалмауын қамтамасыз етеді. Ресми Samsung теледидарлары өнімділігі жоғары Tizen жүйесі бойынша істейді. Теледидар қосылып тұрғанда экранда «Smart TV Powered by TIZEN» деген жазу шығуы керек. Бұл да — сапаның белгісі. Жалған құрылғыларда әдетте «Android TV», «Smart» немесе басқа жазу шығады. Samsung Apps жоқ болса, бұл да ескерту белгісі екенін ұмытпаңыз.
Тетік
Түпнұсқа Samsung теледидарларында One Remote Control тетігі бар. Теледидар үлгісіне байланысты қашықтан басқару құралының түрлі модификациясы мен сипаттамасы болады. Олардың Samsung логотипі бар және алдыңғы немесе артқы мұқабада басылған өздерінің үлгі коды да бар. Бұлар байқалмаса, құрал теледидармен жақсы әрекеттеспейді және жылдам бұзылып қалады.
Қаптамасы
Қорапқа мән беру керек. Түпнұсқа Samsung теледидарларында логотип түссіз экологиялық таза қаптамаға басып шығарылады, қосымша жазулар немесе өрнектер болмайды. Түпнұсқа емес теледидардың логотипі әдетте желіммен жабыстырылады. Жалған қаптамада Samsung-қа еш қатысы жоқ көптеген атау бар (IPS, Smart ecran, Q9W, Soundbar TV, Android).
Кепілдік
Базардағы сатушылар, әрине, кепілдік ұсынады. Бірақ теледидар бұзылса, саудагердің көмегіне жүгіну пайдасыз. Біріншіден, сапасыз өнімді жөндеуге тырысқаннан гөрі, жою арзанырақ. Екіншіден, саудагерлер біліктігі болмағандықтан, техникалық күрделі сервистік жұмыстарды жүргізе алмайды. Нәтижесінде дымсыз қалу қаупі бар.
Samsung Electronics пен Алматы қалалық әділет департаментінің бірлескен тексерісіне келсек, қорытынды бойынша әкімшілік органдар бір күнде көптеген жалған теледидарларды тәркілеген. ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша, «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» бойынша іс қозғалады. Жалған құрылғыларды сататындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, істер сотқа жолданды. Тәркіленген тауарлар жойылады.
Samsung Electronics тұтынушыларды теледидар сатып алғанда қазіргіден де мұқият болуға шақырады. Кез келген кеңес алу үшін компанияның қолдау қызметіне хабарласуға болады.