Басты бет Қоғам Қазақстанда ағаш отырғызу күні бекітіледі

Қазақстанда ағаш отырғызу күні бекітіледі

Елімізде Экология жылы қарсаңында «Тұрақты даму» жер қорының бастамасымен Ұлттық орман отырғызу күні өтеді.

Қордың ақпараты бойынша, еліміздің барлық қалаларында және облыс аудандарында  гүлзарлар  мен саябақтар пайда болып, ағаш көшеттері отырғызылады.

Ұлттық орман отырғызу күнін атап өту барысында елімізде 1 млн-нан астам ірі ағаштар мен майда талдардың көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Игі шараға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік биліктің өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, орман шаруашылығы, экология, көлік, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студенттер, оқушылар, кадеттер сынды мыңнан астам адам қатысады.

Игі шара 2017 жылдың 22 сәуірі мен 22 мамыр аралығында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version