Қордың ақпараты бойынша, еліміздің барлық қалаларында және облыс аудандарында гүлзарлар мен саябақтар пайда болып, ағаш көшеттері отырғызылады.
Ұлттық орман отырғызу күнін атап өту барысында елімізде 1 млн-нан астам ірі ағаштар мен майда талдардың көшеттерін отырғызу жоспарланған.
Игі шараға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік биліктің өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, орман шаруашылығы, экология, көлік, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студенттер, оқушылар, кадеттер сынды мыңнан астам адам қатысады.
Игі шара 2017 жылдың 22 сәуірі мен 22 мамыр аралығында өтеді.