Алматыда Қарасай батыр көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарасай батыр көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
23 шілдеде сағат 09.00-ден 25 шілдеде сағат 10.00-ге дейін Шәріпов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады, — делінген хабарламада.