Басты бетЭкономикаЯндекс Қазақстанда...

Яндекс Қазақстанда бөлімшесін ашады

Бөлімше әзірге жарнамалық өнімдерді ілгерілету мен әріптестер және тұтынушыларға жарнамалық компания құруға көмек көрсетпек.

«Интернет жарнама нарығы тез дамып келе жатыр. Формат өзгеріп, жаңа өнім мен технологиялар пайда болуда. Біз жергілікті нарық ерекшеліктерін есекере отырып, әріптестерге жарнама қызметі бойынша көмек береміз», – дейді бөлімше директоры Артем Борисов.

Бастапқыда бөлімшеде 5-7 адам жұмыс істейді. Кейінірек штат саны артуы мүмкін.

TNS Web Index мәліметі бойынша, 2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан қалаларындағы интернеттің пайдаланылуы бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9 пайызға көбейіп, 82 пайызға жеткен.

Қазақстаннан басқа Яндекс кеңселері Ресей, Украина, Беларусь, Германия, Нидерланды, Турция, АҚШ, Швейцария мен Қытайда бар.

ДереккөзNaryk.kz