Басты бетЖаңалықтарДоллар 474–479...

Доллар 474–479 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474–479 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475,1-477,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 474–479 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,44 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27-5,39 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,4 теңгеден сатылып жатыр.