WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Әкімдік мұндай хабарламаға жауап бермеуді және сенбеуді сұрайды.
Күмәнді сілтемелерге кірмеген және ақша аудармаған жөн. Бұл — интернет-алаяқтардың сіздің қаржыңызды заңсыз жолмен алу мақсатында жасап отырған тірлігі, — делінген хабарламада.