Басты бетЖаңалықтарШекарадан есірткі...

Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды.

Бұл туралы қаржылық монитроинг агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған.

Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойған.

Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.

Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 грамм психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.