Алматыда Қожабеков көшесі бір айға жабылады. Бұл туралы Алатау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік тарату желілерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты Қожабеков көшесі бойымен қала шекарасынан Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі 900 метр қашықтықтағы жол учаскесі 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз, – делінген хабарламада.