Қазақстанда делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендеуі мүмкін. Енді бірыңғай дистрибьютор өндірушілермен тікелей шарттар жасасады.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрлік пациенттердің, мемлекеттің және өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, дәрі-дәрмекке баға белгілеу тетігін қайта қарайды.
Ведомство мәліметінше, дәрілердің сапасын бағалау мен іріктеуде қауіпке бағдарланған тәсіл бойынша және фармацевтикалық өнімді әкелу тәртібінде өзгерістер енгізіліп жатыр.
Одан бөлек сатып алу тиімділігін арттыру үшін бірыңғай дистрибьютор жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлуді автоматтандыратын ақпараттық жүйені енгізді. Бұл есептен шығарылған препараттардың санын азайтады.
Бірыңғай дистрибьютордың қызметі өндірушілермен тікелей шарттар жасасуға бағытталады. Бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жоғарғы аудиторлық палатасының тексерісінен кейін денсаулық сақтау министрлігіне бағынышты ұйымдардың басшылары қызметінен кетті.
Ішкі тергеу жүйелі кемшіліктер мен тиісті бақылаудың жоқтығын анықтады, нәтижесінде министрліктің жауапты бөлімшелері мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының негізгі басшылары қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.