Алматыда жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде көлік қозғалысы екі тәулікке шектеледі.
Бұл туралы «Алматы жылу желілері» компаниясы хабарлады.
17 шілде сағат 09.00-ден 19 шілде сағат 09.00-ге дейін Манас көшесі бойының Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.
Уақытша шектеулер мұндағы көлік жүретін жолдың астындағы магистральдық жылу жүйелерін жоспарлы жөндеуге байланысты енгізіліп отыр, — делінген хабарламада.
Еске салайық, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, @AlmatyJoly Telegram-арнасы мен сайтта орналастырылған, сонымен қатар аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде бар.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.