McCrindle зерттеуіне сенсек, әлемдегі Z ұрпағы өкілдері қазірдің өзінде 2 миллиард адамға жетіп қалды.
Егер сіз сындарлы, креатив болып, әлемге өз көзқарасыңызбен қарасаңыз және жан тыныштығын ерекше бағаласаңыз, Z буыны өкілі екеніңіз сөзсіз. Z ұрпағының өзіне дейінгі буындардан айырмашылығы — сыртқы әлем мен «ішкі меннің» үйлесімді тепе-теңдігіне ұмтыла отырып, «өз уақытына» көп мән береді.
Жаңа ORBIT® есебі Қазақстандағы Z ұрпақтың 87%-і үшін «өз уақыты» маңызды екенін көрсетіп, осы үрдісті растады. Зерттеу зумерлер мен жас миллениалдар осы сәтте өмір сүру жолын саналы түрде іздейтінін және кенеттен болатын дедлайн, күн райы, қуаты таусылған құлаққап сияқты жағдайларға салмақты кейіппен қарайтынын көрсетті.
Мысалы, Қазақстан азаматтарының 16%-ке жуығы сағыз шайнау күйзелісті жеңуге және осы сәттен ләззат алуға көмектеседі деп санайды. Бұдан басқа да танымал әдістер бар. Мысалы, оған жаттығу, ұйықтау, ән айту және билеу жатады. Бұл әрекеттер оларға іштей тынышталуға көмектеседі екен.
Қызық дерек: сағыз шайнау мидағы мазасыз ойларды тарқатады, босаңсуға жағдай жасайды және көңіл-күйді жақсартады. Мұны медитацияның әсерімен салыстыруға болады. Бұл жерде қарапайым ғана әрекет сананы тыныштандырып, алаң көңілді бірнеше секундта басуға көмектесіп тұр. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу бойынша, сағыздың тағы бір пайдасы – оның когнитивті функция мен зейінді жақсарту қабілеті. Шайнаған кезде миға баратын қан ағымы артады, ал бұл концентрацияны жақсартуға көмектеседі.
Бұл әсіресе зейін қойып, жылдам ойлау қажет болған кезде керек. Мысалы, сабақ немесе емтихан кезінде пайдалы. Мұндай артықшылық Orbit® компаниясының «Дәмін тат, дәл осы сәт» платформасында байқалды. Онда зумерлер жасанды интеллект арқылы жасалған аймақта өзінің өзгеше видеоларын түсіріп көрді.
Стэнфорд университетінің мәдени антропологы Роберт Кацтың айтуынша, Z буыны өзіне қамқор болу мен зейін қоюды өмірінің маңызды бөлігі деп біледі. Кац Z ұрпағы ментал саулыққа келгенде қамқор әрі прагматикалы көзқарасты ұстанады дейді. Олар күнделікті өзгермелі әрі тосын цифрлық өмірге қарсы тұру үшін зейінін тәжірибеде пайдаланады.
Z буынының «өз уақытында» қалуына кедергі болатын факторлар бар. Олар: жеке уақытының аз болуы (27%), мүмкіндіктің болмауы (24%) және жұмыс кестесінің тығыз екені (21%). Ал сағыз бәрін қалпына келтіріп, жеңілдік сезімін сыйлайды.
«Өзіңе арналған уақыт» – қыңырлық емес, өзіңіздің жай-күйіңізге салынған инвестиция. Жалғыз қалып, қайта қалыпқа келуді саналы түрде қажетсіну заманауи әлемнің ақпарат шуынан және қарбаласынан құтылуға көмектеседі. «Өз уақытым» әр адамның өмір сүру сапасын жақсартатын құнды ресурс екенін ұмытпаңыз.