Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның шығысында...

Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелді

Астана уақытымен сағат 04.41-де Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Бұл туралы ҚР ЭМ ұлттық ядролық орталығының геофизикалық зерттеулер институты хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, эпицентр координаттары: 49,10 градус с.е., 85,92 градус ш.б.

  • Mагнитудасы mpv=3,7.
  • Энергетикалық классы K=9,7.
  • Тереңдігі h=13,5 км.