Футболшы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Бұл туралы Vesti.kz жазды.
Аргентина құрамасы АҚШ-та өтіп жатқан Америка-2024 кубогының финалына жетті. Жаттықтырушы Лионель Скалони командасының шешуші матчы Колумбияға қарсы 15 шілдеде өтеді. Аргентина — турнирдің қазіргі чемпионы.
Дәл қазір алға озып кеткім келмейді… Өзіммен-өзім рахаттанып, басымнан не өтіп жатқанын және біз нендей жетістікке жеткенімізді бақылап жүрмін. Құрамада нәтиже болмаған кездері қатты уайымдап жүрдім. Басымыздан ауыр күндер өтті. Американың осы жолғы кубогында бәрі жақсы өтіп жатты, тек жарақатым сыр беріп, жоспарымды өзгертуге тура келді. Бәрі мен күткендей немеае мен қалағандай болмады. Енді тағы бір финал ойнайтын мүмкіндік туды. Мақсатымызға жету үшін қолдан келгеннің бәрін істеу менің мойнымда, — деді Лионель Месси.
Месси Аргентина құрамасымен Әлем чемпионаты-2022, Америка кубогы-2021, Олимпиада-2008, Финалиссиму-2022 және ӘЧ жастары-2006 чемпионаттарын жеген еді.