Пенсильваниядағы сайлауалды митиң кезінде АҚШ-тың бұрынғы президенті (45-президенті) Дональд Трампқа оқ атылды. Бұл туралы «Америка дауысы» жазып отыр.
Дональд Трампқа оқ атқаннан кейін сол құлағын ұстап, мінбердің артына жасырынған. Бұрынғы президенттің оққағарлары Трампты денесімен жауып, оны сахнадан алып кетуге көмектескен. Трамп жеңіл жарақаттанған.
Кем дегенде, іс-шараға қатысқан бір адам және бұрынғы президентке оқ атқан адам қайтыс болды. Қауіпсіздік қызметі мергенді сол жерде атып өлтірген. Тағы бір көрермен ауыр жарақаттанған.
АҚШ президенті Жо Байден Дональд Трамптың саулығын тілеп, және оның отбасы үшін де сыйынатынын айтты. Оған қоса президент «ел Дональд Трампқа жасалған қастандықты айыптауы керек» деді.
Құпиялық қызмет және бұрынғы президенттің сайлауалды науқаны Трамптың қауіпсіз жерде екенін айтты.