Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Жұмағали жол саласындағы жемқорлық қаупіне сыртқы талдау басталғанын айтты.
Агенттіктің қылмыстық-құқықтық тәжірибесі көрсеткендей, ЖСҚ құнын асыра бағалау орын алудын және сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар қолданатынын көрсетеді.
Жалпы, кейінгі 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді. Олар бойынша залал шамамен — 9 млрд теңге, -делінген Антикор хабарламасында.
Жұмыстың екінші бағыты — жолдардың қазіргі құрылысына мониториң жүргізу. Бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды. Қазірдің өзінде талдау барысында бұзушылықтар анықталып жатыр.
Мәселен, бес өңірде 4,8 млрд теңге сомасына артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаны асыра есептеу анықталды. Ал алты өңірде жүргізілетін жұмыстарды тиімсіз жоспарлау белгіленді. Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол учаскеге 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
Талдау қорытындысы президент пен жұртшылық хабардар етіледі.