2024 жылғы негізгі ҰБТ кеше аяқталды. ұлттық тестілеу орталығы тестінің қорытындысын ұсынды.
Республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер (екі мүмкіндікте есепке алғанда 326 мың рет) ҰБТ тапсырды. Оның ішінде:
- тестіні талапкерлердің 75,1%-і қазақ тілінде, 24,8%-і орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тапсырған;
- шекті балды талапкерлердің 76,4%-ке жуығы (139 мың) жинады;
орташа балл – 68 балл; - тестіге 641 ерекше білім беру қажеттігі бар бала қатысты;
- ең жоғары балл – 140.
Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижесі жойылды. Олардың ішінде:
- смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмекші болған 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды;
- бейнежазба тексерілген соң, ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды;
- бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Биыл 65 мыңнан астам апелляциялық өтініш келіп түсті. Апелляцияны қарастыратын комиссия жұмысын 13-14 шілде аяқтайды. Содан кейін талапкерлердің сертификаты Жеке кабинетіне шығады, — делінген орталық таратқан хабарламада.
ҰБТ кезеңінде электрон пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 300 мыңға жуық өтініш өңделген.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды қолдану немесе ереже бұзу фактілері анықталса, оқуға түскен адамның ҰБТ нәтижесі жойылады.