Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізілді, — делінген хабарламада.
15 шілдеден бастап 20 түрлі темекі өніміне ең төмен бөлшек сауда бағалары қолданыла бастайды.
Фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың бағасы:
- 2023 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға – 820 тенгеге;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 тенгеге қымбаттайды.