Басты бетЖаңалықтарБүгін Астана...

Бүгін Астана мен үш қалада ауа ластанады

Бүгін елорда мен тағы үш қалада жайсыз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

2024 жылғы 11 шілдеде Астана, Петропавловск, Қостанай, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.