«Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, елдің ары қарайғы мәдени-гуманитарлы дамуын қамтамассыз ету мақсатында ҚР Конституциясының 44-бабының 20-тарауына сай Қазақстан президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ұлттық комиссияны құруға жарлық беремін», — делінген жарлық мәтінінде.
Комиссия құрамына:
- ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков;
- ҚР президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжин;
- ҚР премьер-министрі канцеляриясының жетекшісі Нұрлан Алдабергенов;
- Ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаева кірді.
Сонымен қатар, комиссия құрамына министрлер, Астана, Алматы мен өзге өңірлердің әкімдері, Парламент депутаттары, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері, институт директорлары, оқу орындарының ректорлары, қоғамдық бірлестік мүшелері, мемлекеттік мекеме жетекшілері кірді.