«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы үш күнде ауа райына оңтүстік циклонның ықпалы болады, сондықтан күн райы бұлтты болады деп күтіледі, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, елдің орталығында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл мен жел күшейеді.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: күндіз елдің батысында +25…+30 градусқа дейін, солтүстік-батыста +20 …+30 градусқа дейін; ал республиканың солтүстігі мен шығысында күндізгі температура +28…+38 градусқа дейін көтеріледі, қалған аумақта өзгерістер күтілмейді, — деп жазылған хабарламада.

