Басты бетЖаңалықтарМагистратураға түсушілер...

Магистратураға түсушілер көбінде қай мамандықтарды таңдайды

Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды. Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.

Ең көп таңдалған білім салалары:

  • Педагогикалық ғылымдар;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
  • Бизнес, басқару және құқық.

Еске салайық, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

білім