Басты бетҚоғамТүркістандықтар «Арыс-Түркістан»...

Түркістандықтар «Арыс-Түркістан» каналының бойын тазалады

Түркістандықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда. Бүгін шаһар тұрғындары экоакцияның бесінші аптасында «Арыс-Түркістан» каналында жалпы тазалық жұмыстарын атқарды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мөлдір бұлақ» апталығында түркістандықтар каналды шөптен тазартып, 25 қап қоқыс жинды.

Айта кетейік, экоакцияның өткен «Өнегелі ұрпақ» апталығында бірқатар тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 23 аялдама сәнделсе, 4000-ға тарта ағаш түбі қопсытылып реттелді. Қала көшелері 100 тонна қоқыстан тазартылып, кейбір балалар ойын алаңшалары абаттандырылды.