Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 478-483 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 480,77 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,51 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478-483 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 478,9-481,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33-5,53 аралығында саудаланып жатыр.