Басты бетҚоғам«Таза Қазақстан»...

«Таза Қазақстан» акциясы: Жетісай азаматтары тыл ардагерлерінің ауласын тазартты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері бүгін көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттар мен тыл ардагерлерінің ауласын тазартып, азаматтық іс жасады. Аулалардың арамшөбін отап, күл-қоқысын шығарысты. Қора-қопсысын тазаласты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай жалғызбасты қарттардың бірі Жетісай қаласының тұрғыны, 1947 жылы туылған Альвина Хабибуллина.

Жастайынан еңбекке ерте араласып, саналы ғұмырын елдің, туған жердің түлеуіне арнаған Альвина Нұрғазқызы түрлі салаларда жемісті еңбек еткен.

Заманында ел ертеңінің жарқын болуына аянбай еңбек етіп, өзіндік үлес қосқан қазыналы қарттарымызға қандай көмек көрсетсек те жарасады. Бұл тұрғыда үлгі боларлық бастама көтерген Мемлекет басшысының, облыс, аудан басшыларының ісі құптарлық. Біз мұндай игілікті істерді тек акциялар аясында ғана емес, жыл бойы жалғастыратын боламыз, – дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов.

Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып табиғатты аялауды қажет ететін ортақ байлығымыз саналатын табиғатымыздың таза болуы, оның әдемі көрініске енуі әрбіріміздің босағамыздан, үйіміз бен көшемізден, ізгі амалдарымыздан бастау алады.