Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев биыл қай жолдарда жөндеу аяқталатынын айтты.
Еліміздің батысында ұзындығы 368 шақырым болатын «Атырау–Астрахань» (272 км) және «Ақтөбе–Қандыағаш» (96 км) жобалары іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 60 шақырымы пайдалануға берілді. 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде. Жобаға 450 жол техникасы және 600 адам жұмылдырылған. Жалпы жыл соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылатын болады, — деді Марат Қарабаев.
Министр биыл жөндеу жұмыстары толық аяқталатынын жолдарды атады.
Бірінші, Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақтандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 м.) шілде айында пайдалануға беріледі. Тоннелдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік береді. Екінші, Алматы агломерациясы үшін транзиттік маңызы зор, ұзындығы алты шақырым болатын Шамалған станциясындағы автомобиль жол айрығы қыркүйек айында іске қосылады. Үшінші, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» дәлізімен байланыстыратын 262 шақырымдық Мерке-Бурылбайтал автожолы пайдалануға беріледі, — деді ол.
Марат Қарабаев Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан 1 300 метрлік көпірді де биыл салып бітіру жоспарланғанын айтты.
Бесінші. Батыс Қазақстанның шалғайындағы Бөкей Ордасы туристік аймағын дамыту мақсатында ұзындығы 245 шақырым болатын Казталовка-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары да осы жылдың соңына дейін толықтай аяқталатын болады, — деді министр.