Басты бетЖаңалықтарЖазғы демалыс...

Жазғы демалыс 2024: алматылық оқушылар қалай демалып жатыр?

Биыл Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарынан 3 мыңға жуық бала, жетім балалар, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 20 маусымнан бері «Жанұя» мамандандырылған кешенінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100 бала және Бостандық ауданының мектептерінен 15 оқушы Қонаев қаласындағы «Балдәурен» лагерінде демалып жатыр.

Аталған демалыс орны — Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында ораналасқан.

Сонымен қатар Жетісу ауданының мектептерінен 76 бала және Медеу ауданынан 155 бала Avat kids camp лагеріне жіберілді. Түрксіб ауданынан келген 263 бала Қонаев қаласындағы Jellyfish Camp лагерінде. Бұған қоса, 7 шілдеде «Жанұя» мамандандырылған кешені тәрбиеленушілерінің 80 баласы және «Мейірім» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 12 баласы Avat kids camp лагеріне барды,- деп атап өтті әкімдіктен.

Қалған балалардың келуі кесте бойынша тамыз айының соңына дейін жүзеге асырылады.

Биыл Алматыда 266 мың баланы демалыспен және жұмыспен қамту жоспарда. Сауықтыру демалысымен жетім балалардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары 100% қамтылатын болады.

Оқушылар сарайының «Өрнек» лагерінде 3 маусымда 900 бала демала алады. Бұлар — «Жанұя» мамандандырылған кешеннің тәрбиеленушілері, халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары, сондай-ақ конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары.